
Екібастұз тарихи — өлкетану музейіндеЕкібастұз кен орнын игерудің басталуының 70 жылдығын мерекелеу шеңберінде, «Богатырь» кенішінің бас механигі, ғылым және техника саласында КСРО мемлекеттік сыйлығының лауреаты Серікбай Әбжалиұлы Шешембековтың 85 жылдығына «Өнертапқыш Серікбай Шешембеков» атты еске алу кеші ұйымдастырылды.
Кеште «Славяночка» вокалды тобының орындауында «Екібастұз», «Кеншілер» туралы әндер шырқалды. Шараға еңбек ардагерлері және Сд- 23/9 тобының студенттері қатысты.
