Skip to content

«Жаңа көшеттер — ел дамуындағы жаңа идеялық кезең!»

«Жаңа көшеттер — ел дамуындағы жаңа идеялық кезең!»
Наурыз — еліміздің қазіргі тарихындағы жаңа саяси дәуірдің бастауы.
2024 жылғы 19 наурызда бүкіл ел бойынша «Жаңа көшеттер — ел дамуындағы жаңа идеялық кезең!» республикалық акциясы басталды. Еріктілер мен студенттер парламенті колледж аумағын тазалау жұмыстарына қатысып, гүл көшеттерін отырғызды, өндірістік корпус аумағында қоқыстан тазарту жұмыстарын жүргізді, сондай-ақ, акцияға оқытушылар тартылды.
Наурыз мерекесі ғана емес, тазалық пен жаңару символы. Ежелден қар ерігенде қазақтар өз үйлерін тазалап, көшеттер отырғызып, бұлақтарды ашады. Наурыз — тазалық пен экологияға қамқорлық мерекесі.
Бұл акцияның тәрбиелік және экологиялық маңызы зор. Осы акцияның арқасында жас ұрпаққа қоршаған ортаның экологиясы үшін қамқорлық пен жауапкершілік сезімін сіңірдік.