Skip to content

«Жігіт сұлтаны-2024»


2024 жылдың 10 мамырында Астана қаласының техникалық колледжі жанында «Жарқын болашақ» жобасына қатысушылар арасында «Жігіт сұлтаны-2024» республикалық байқауы өтті. Іс-шараның ұйымдастырушысы «Bilim Foundation» корпоративтік қоры болды. «Жігіт сұлтаны-2024» байқауы — еліміздің түкпір-түкпірінен келген жас және талантты адамдарды біріктіретін бірегей оқиға. Қатысушылар өздерінің көшбасшылық қасиеттерін, шығармашылығы мен кәсібилігін көрсете отырып, әртүрлі номинациялар бойынша жарысады. Екібастұз қ. атынан Екібастұз политехникалық колледжінің 1 курс студенті Самат Аманжол қатысып, «Дарынды жігіт» номинациясына ие болды. Іс-шара соңында қатысушылар үшін EXPO-2017 «Болашақ энергиясы» халықаралық мамандандырылған көрмесі бойынша саяхат ұйымдастырылды.