«Зорлық-зомбылыққа қарсы белсенділіктің 16 күні» акциясы
Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында, отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу және жолын кесу жөнінде қабылданып жатқан шаралар туралы 2023 жылғы 30 қарашада Сейтқалиева Бақытгүл Құсманқызы Екібастұз қаласы ЖІҚБ зорлық-зомбылықтан қорғау тобының аға инспекторы полиция майоры, Зәйірова Әсемгүл Нұржанқызы ЖФ дағдарыс орталығының бас маманы«ҚОРҒАУ АСТАНА» Екібастұз қаласы, Бексұлтанова Гүлнар Төлеубайқызы «Екібастұз политехникалық колледжінің» студенттері арасында акция өткізді.
Студенттерге отбасылық-тұрмыстық қарым-қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтарға, зорлық-зомбылық көріністеріне қарсы іс-қимыл жөніндегі шаралар туралы буклеттер мен жадынамалар таратылды. Балалар белсенділік танытып, орталық өкілдерінің сұрақтарына жауап берді. «Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы белсенді іс-қимылдың 16 күні» акциясы 2012 жылдың 25 қарашасы мен 10 желтоқсаны аралығында өткізіледі.
