Колледж студенттері үшін «Зиянды заттарды тұтынудың салдары және суицидтің алдын алу» тақырыбында «Павлодар облыстық психикалық денсаулық орталығы» ШЖҚ КМК психологы Н.Б.Тәжібаев сөз сөйледі.
Ол зиянды әдеттер қатарына адам денсаулығына зиян келтіретін де, адамның өмір бойы өз мүмкіндіктерін толық пайдалануын шектейтін әдеттер жататынын айтты. Жас кезінде пайда болған, адам құтыла алмайтын зиянды әдеттер өте қауіпті. Мұндай әдеттер адамның өмір сүруіне айтарлықтай зиян келтіреді — әлеует пен уәждеменің жоғалуы, адам ағзасының мерзімінен бұрын қартаюы және әртүрлі аурулардың пайда болуы. Сондай-ақ, олар созылмалы бронхит, өкпе обыры, иммунитеттің бұзылуы, жүрек-қан тамыры жетіспеушілігі, аритмия, бауыр улануы және т.б. пайда болуына ықпал етеді.
