«Көрісу күні — Амал мерекесі»
Наурыз — жаңару, тазарту, құрмет айы. Жаңа жылды ізгі ниет пен дәстүрлермен бастау орынды.
14 наурызда «Екібастұз политехникалық колледжінде» «Көрісу күні — Амал мерекесі» өткізілді. 2-курс оқытушылары мен студенттері М.Жүсіп мектебінде болып, оқытушыларға, бастауыш сынып оқушыларына тәтті-дәмділер мен бауырсақтар сыйлады.
Студенттер мен колледж қызметкерлері бір-бірінің қолын қүшақтап, бір-біріне жақсылық пен денсаулық тіледі.
