
2 мамыр күні ОПУТ 23/9 тобында педагог-психолог Мелентьева Г.М. «Мен және менің құндылықтарым» тақырыбында тренинг өткізді.
Тренингтің мақсаты – білім алушыларға ерік-жігері мен эмоционалдық қасиеттерін дамыту арқылы өзін-өзі тануға көмектесу, эмпатия қабілетін дамыту, өзін және өзгелерді дұрыс бағалай білу дағдыларын қалыптастыру, сондай-ақ топ ішіндегі шекараларды жұмсартып, өзара түсіністікті арттыру.
Тренинг барысында өзін-өзі меңгеру және басқару, бақылау, білім алушылардың көңіл күйін дұрыс бағалау дағдыларын дамытуға арналған жаттығулар орындалды. Сонымен қатар қорқыныш пен реніш сезімдерінен арылуға, өзіне деген сенімділікті арттыруға бағытталған психологиялық жаттығулар ұйымдастырылды.
