Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы (бұдан әрі — Бюро) БҰҰ ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы Өкілдігімен ынтымақтастықта 2023-2025 жылдарға арналған «Мультииндикаторлық кластерлік зерттеу 2024» (бұдан әрі-МИКС) жобасын іске асыру бойынша жұмыстар жүргізуде.
Бұл зерттеудің мақсаты сенімді деректер мен талдау арқылы балалар құқықтарының қорғалуын мониторингілеу бойынша Қазақстанның мүмкіншілігін кеңейту болып табылады.
Бұл жобаны іске асыру балалар мен әйелдердің хал-ахуалы деңгейін анықтауға, сондай-ақ ұлттық даму бағдарламалары мен жоспарларының тиімді жүзеге асырудағы прогрессті тексеруге мүмкіндік береді.
