«Отбасылық құндылықтар!»
«Екібастұз политехникалық колледжі» базасында «Кенжекөл жастары» жастар қоғамдық бірлестігі, дәрігер-психотерапевт, тәжірибелі психолог Л.Бақтыбаева колледж жастары мен жас отбасылар арасында Отбасы күніне орай «Отбасылық құндылықтар» атты қалалық іс-шара өткізді. Екібастұз қаласының жас отбасылары мен жастарына консультациялық қызмет көрсету бойынша презентация көрсетті. Отбасы — әр адамның өміріндегі ең маңызды кезеңдердің бірі, қарым-қатынастың негізі, қолдау мен тіректің орны толмас көзі. Отбасында алынған жақсы тәрбие — барша халқымыздың табысты болашағының кепілі. Іс-шара соңында ұйымдастырушылар жалпы фотосуреттерді түсіріп, барлық қатысушыларға кітапшалар, блокноттар, қаламсаптар таратты.
