Салауатты өмір салты фестивалі
2024 жылғы 14 маусымда колледж студенттері қала жастары арасында «Салауатты өмір салты фестивалі» есірткіге қарсы іс-шараға қатысты. Аталған іс-шараның мақсаты: салауатты өмір салтын насихаттау, профилактикалық жұмысты жандандыру. Іс-шараны ұйымдастырушылар Екібастұз қаласының ішкі саясат бөлімі мен Павлодар облысының білім беру басқармасының қолдауымен облыстық қарсы іс-қимыл басқармасы мен «Антарес А» қоғамдық қоры болып табылады. Іс-шара мынадай кезеңдерден тұрды: 1000 м қашықтыққа жүгіру марафоны және тақырыптық квест-ойын. Іс-шара қорытындысы бойынша колледж студенттері Афонин Данил жасөспірімдер арасында 1-орынды, ал Омарова Анель қыздар арасында 1-орынды иеленді. ЖАҚСЫ, ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!
