Skip to content

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы


18 сәуір күні сағат 9:00-ден бастап «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында жалпықалалық сенбілік өтті. Екібастұз политехникалық колледжінің студенттері мен оқытушылары аумақты абаттандыру және тарихи-мәдени ескерткіштерге арналған «Киелі мекен» акциясына белсенді қатысты. ЭКЕ22/9 тобының студенті Жақсыкелді бұқаралық ақпарат құралдарына сұхбат беріп, » сенбілік-маңызды іс-шара, осылайша, әрқайсымыз қаланың дамуына үлес қосамыз, бүгін біз м.ж. Көпеев ескерткішінің аумағын абаттандырдық. «Таза Қазақстан» акциясының мақсаты: қоршаған ортаға бей-жай қарамайтын адамдарды оны таза ету үшін біріктіру».
#TazaQazaqstan #TazaEkibastuz