Skip to content

«Темекіні кәмпитке айырбаста!» акциясы

«Темекіні кәмпитке айырбаста!» акциясы

2024 жылғы 20 ақпанда колледж еріктілері мен медицина қызметкері Чухно О.И. темекі өнімдерін тұтынудың алдын алу және салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған профилактикалық акция өткізді. Акция «Темекіні кәмпитке айырбаста!» деп аталды.

Акцияның мақсаты – колледж жастарын темекінің адамның эмоционалдық жағдайына кері әсер ететініне көз жеткізу. Бір тал темекіге қарағанда, кәмпиттен көбірек жағымды әсер алуға болатынын түсіндіру болды. Еріктілер арнайы «бағам» бойынша айырбастауды ұсынды: 1 кәмпит – 1 темекі.

Колледж білім алушыларының реакциясы әртүрлі болды: кейбірі жүздеріне күлкі үйіріп, темекілерін тәттіге айырбастаса, енді біреулері өз денсаулығына деген қамқорлықты байыппен қабылдағысы келмеді. Барлық шылым шегушілерге кем дегенде бір күнге болса да темекіден бас тартуға және оның денсаулыққа қаншалықты зиян екенін ойлануға шақыру жасалды.

Нәтижесінде акция еріктілері салауатты өмір салтын таңдайтын саналы жастардың саны оқу орнымызда арта түседі деген үміт білдірді. Айырбасталған темекілер жойылды!