Skip to content

Төтенше жағдай режимінде эвакуация жүргізу

Төтенше жағдай режимінде эвакуация жүргізу

Төтенше жағдай кезінде өзін-өзі ұстау дағдыларын қалыптастыру, өрт қауіпсіздігі саласындағы білімді насихаттау және қауіпсіз мінез-құлықтың жалпы мәдениетін арттыру мақсатында 2024 жылғы 28 ақпанда сағат 10:30-да колледж студенттері мен ұжымымен өрт және басқа да төтенше жағдайлар туындаған кездегі эвакуация бойынша практикалық жаттығу өткізілді.

Жаттығуға 261 студент, 27 оқытушы және қызмет көрсету персоналы қатысты.

Алғашқы әрекет – өрт туралы хабарлау болды, колледждің вахтері шартты белгі берді. Келесі кезең ең маңыздысы – студенттерді колледж ғимаратынан эвакуациялау. Оқытушылар шартты белгіні алғаннан кейін студенттерді дәліздер мен баспалдақтар арқылы ұйымдасқан түрде жедел түрде ғимараттан шығарды.

Одан кейін барлық білім алушылардың апаттық ғимараттан толық шығарылғанына көз жеткізілді. Студенттер нұсқаулықта алдын ала белгіленген орынға – спортзалға жеткізілді. Мұнда барлық студенттер қайта саналып, тізім бойынша тексеру жүргізілді.

Колледж студенттерін эвакуациялау жаттығуын өтті деп есептеуге болады.