ҚАЛА ЖАСТАРЫ КОРЕЙ КАЛЛИГРАФИЯСЫН ҮЙРЕНДІ
Колледж студенттері корей каллиграфиясын (кор. 서예) – хангыль немесе ханча жазуындағы әсем жазу дәстүрін меңгерді. Яғни қала жастарына корей буындық әліпбиі мен қытай иероглифтерін көркем жазу негіздері корейдің «Лаон» орталығының қолдауымен үйретілді.
Жастарға іс-шара өте ұнап, өз пікірлерін білдіріп, іс-шараны ұйымдастырған Жастар бастамаларын дамыту орталығына алғыстарын жеткізді.
