





Әскери-далалық жиындар!
27.05. бастап 31.05.2024 жыл аралығында бастапқы әскери даярлық бойынша әскери-далалық жиындар өтті, Екібастұз қаласының колледж студенттері қатысты. Жиынның негізгі мақсаты — қарулы күштердің мәртебесін арттыру, жастарды патриотизмге тәрбиелеу. Оқу-дала жиындары кезінде негізгі назар жасөспірімдердің тактикалық, саптық даярлық бойынша практикалық дағдыларын қалыптастыруға аударылды. Жасөспірімдермен әскери ойындар, спорттық жарыстар және басқа да іс-шаралар өткізіліп, оқушылар тәжірибе түрінде тәжірибе жинақтады. Қыздар дәрігерге дейінгі алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша оқудан өтті.
