Skip to content

«Өзіңді таны»

«Өзіңді таны»20.10.2023 ж. ОП-23/9 тобында колледждің тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Садыкова Г.Ж. жасөспірімдердің жыныстық тәрбиесіне дұрыс көзқарастың қажеттілігін анықтау мақсатында ақпараттық сағат өткізді.Бүгінгі қарқынды, құбылмалы заманда жастар уақытпен бірге қадам басуға тырысады. Дұрыс жыныстық тәрбиенің қандай салаларды қамтитыны, жыныстық тәрбиенің үлгілері қарастырылды.Іс-шара ойын түрінде өтті. Студенттер «отбасылық жұптарға» бөлінді. Қатысушыларға отбасы және отбасылық тәрбие туралы айтылған тұжырымдар енгізілген жағдаяттық тапсырмалар дайындалды. Жұптарға тапсырмаларды таңдап алып, оны қатысушыларға оқып, өзара ақылдаса отырып, отбасы туралы айтылған пікірлерге түсініктеме беру ұсынылды. Мәселені отбасы аясында талқылауға уақыт берілді. Сонымен қатар студенттер жағдаяттық тапсырмаларды шешіп, презентация көрді.