Skip to content

«Дублёр күні»

Студенттерді белсенді қоғамдық өмірге тарту, көшбасшылық қабілеттерін және көпшілік алдында сөйлеу дағдыларын қалыптастыру мақсатында колледжде «Өзін-өзі басқару күні» өткізілді.

Бұл күні студенттер өз оқытушыларының орнына сабақ өткізді.

Оқытушылар оқу үдерісіне сырт көзбен қарап, өздерінің педагогикалық қызметін қалай бастағандарын еске алуға мүмкіндік алды, ал жоғары курс студенттері мұғалім еңбегінің қаншалықты күрделі әрі маңызды екенін түсінді.