Skip to content

5 қазан күні Мұғалімдер күніне орай өзін-өзі басқару күні өткізілді.

5 қазан күні Мұғалімдер күніне орай өзін-өзі басқару күні өткізілді.

Бұл күні оқытушылар білім алушылардың рөлінде болып, дене шынықтыру сабағында белсенді түрде қатысып, өзін-өзі тану сабағында өздерінің күшті және әлсіз тұстарын ашты. Педагог-тәлімгер рөлін Машұр Әділ, Меркель Данил, Масссаж Артем есімді студенттер байқап көрді.

Сондай-ақ студенттер тек оқытушылық қызметте ғана емес, басшылық рөлде де өздерін сынап көрді – жетекші қызметін Устимчик Леонид атқарды.

Жоғары курс студенттері колледж оқытушысының жауапкершілігін сезініп, жан-жақты әрі мұқият дайындалған іс-шараның тек жағымды эмоциялар сыйлайтынына тағы бір мәрте көз жеткізді.