2025 жылғы 10 сәуірде Екібастұз политехникалық колледжде №33, №25, 21, 22 ЖОББМ және №6 мамандандырылған мектептер үшін Ашық есік күні өтті.
Іс-шара сапалы орта кәсіптік білім алуға қызығушылық танытатын оқушыларды жинады. Қонақтарға мамандықтар, оқу процесі, колледждің материалдық-техникалық базасы, сондай-ақ жұмысқа орналасу және одан әрі оқыту мүмкіндіктері туралы ақпарат ұсынылды.
Ашық есік күнінің қонақтары іс-шараны ұйымдастырудың жоғары деңгейін, қайырымды атмосфераны және ұсынылған бағдарламаның ақпараттылығын атап өтті.
№33 ЖОББМ оқушысы: «Мұғалімдердің өз бағыттары туралы айтқаны өте ұнады. Колледжде нағыз кәсіпқойлар жұмыс істейтіні анық!»- деп пікірімен бөлісті. «Тамаша іс-шара! Қызықты және танымдық болды. Зертханалардың демонстрациялары ерекше әсер қалдырды», — деп атап өтті оқушылардың бірі.
Оқытушылар оқушыларға шеберлік сабағын көрсетіп, өз тәжірибелерімен бөлісті.