Skip to content

Педагогтердің кәсіби мерекесі – Мұғалімдер күніне орай дәстүрлі мерекелік концерт ұйымдастырылды. Аталған іс-шараға барлық педагогтер мен өндірістік оқыту шеберлері шақырылды.

Педагогтердің кәсіби мерекесі – Мұғалімдер күніне орай дәстүрлі мерекелік концерт ұйымдастырылды. Аталған іс-шараға барлық педагогтер мен өндірістік оқыту шеберлері шақырылды.

Студенттік өзін-өзі басқару ұйымының белсенділері әсем безендірілген залда оқытушыларды құттықтаулармен қарсы алып, мерекелік көңіл күй сыйлады.

Колледж басшысы әріптестерін құттықтап, көпжылдық әрі адал еңбегі үшін құрмет грамоталарын табыстады.

Концерт өз тәрбиеленушілеріне өмір жолын ашып беріп жүрген жандарға арналған тарту болды.

Педагогтер көптеген жағымды эмоция алып, зор қуанышқа бөленді.