«Жұмысшы мамандықтар қаласының» ресми іске қосылуы
«Екібастұз политехникалық колледжі» ШЖҚ КМК басшысы К.К. Коянбаев Қазақстан Республикасының алғашқы Еңбек ері Амренов Рышат Бабаевичпен бірге «Жұмысшы мамандықтар жылы» фестивалінің ашылуына қатысты.
Фестивальдің міндеті – қазақстандық өнеркәсіп кәсіпорындарының қызметкерлерінің беделін арттыру.
Форумда көптеген қызықты сәттер, әдемі безендірілген стендтер, макеттер, сондай-ақ жұмысшы мамандықтарының кең таңдауы ұсынылды.
Фестиваль – болашақ мамандардың, жұмыс берушілердің, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының өзара әрекеттесуіне арналған нақты алаң!