14 ақпан – Халықаралық кітап сыйлау күні. Яғни адамдар бір- біріне құрмет пен сыйластықтың белгісі ретінде сыйлыққа кітап ұсынатын ерекше күн.
Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы атындағы ғылым мектебінің әкімшілігі, колледж кітапханасына Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының өлеңдері, рауяттары, дастандары жинағының 10 томдық шығарманың — 20 кітабын сыйға тартты.Сонымен қатар студенттер мен оқытушылар да, бір-бірілеріне кітаптар сыйлады.
Мақсаты-қарапайым және меійрімге толы,барлық адамзатты кітап оқуға шақыратын және өзара мәдени сипаттағы жылы қарым-қатынасты дамыту болып саналады,,әсіресе ересектердің балаларға кітап сыйлау арқылы оларды кітап оқу дағдысына баулу.