«PROFI Fest»кәсіптік бағдар беру байқауы 20.02.2025 ж. Екібастұз политехникалық колледжінде Қазақстан Республикасындағы Жұмысшы мамандықтар жылына орайластырылған «PROFI Festt» байқауы өтті, байқауға қала мектептерінің оқушылары, Құрметті азамат, Екібастұз қаласының Еңбек даңқының бірінші батыры Р.Б. Амренов, ЖБДО директоры Е. А. Құсан, ЖБДО инспекторы Б.А. Болатова қатысты. Байқаудың мақсаты -оқушылар үшін болашақ мамандықты саналы түрде таңдау үшін орта құру. «PROFI Fest» — ке колледждің 10 мамандығы қатысты. Балалар өз мамандықтарын ұсынды, шығармашылық және креативті тәсіл болды, эмблемалар әзірледі, мамандық туралы әндер жазды, ертегі көрсетті, презентация, бейнероликтер ұсынды және көрермендермен интерактивті ойын өткізді. Байқау қорытындысы бойынша қазылар алқасы нәтижені жариялады: I-орын «Дәнекерлеу ісі», II-орын» Тау-кен ісі», III-орын»Электрмен жабдықтау». Өз мамандықтарын ұсынатын командалар талант пен шығармашылықтарын танытып, актерлік шеберліктерін көрсетті. Жарайсыңдар! Құттықтаймыз!