«Оқырман колледж» тұжырымдамасын іске асыру аясында, Екібастұз политехникалық колледжінде студенттерге қызықты саяхаттар мен шытырман оқиғаларға қатысуға мүмкіндік беретін «Әдеби кейіпкерлермен бірге саяхаттаймыз» көрмесі рәсімделді. Көрмеде қазақстандық, ресейлік және шетелдік жазушылардың кітаптары; повестер, әңгімелер, өлеңдер мен ертегілер ұсынылды.
Бұл көрменің мақсаты студенттерді көркем әдебиетті оқуға баулу болып табылады.
#біртұтас_тәрбие
#біртұтас_тәрбие_pvl
#біртұтас_тәрбие_pvl_екібастұз