«Күй күмбірі» республикалық челлендж
20 наурызда колледжде Наурыз мерекесіне орай оқытушылар мен студенттер «Күй күмбірі» атты республикалық челленджіне қатысты.
Челлендждің мақсаты — қазақ халқының өзіндік ерекшелігін дәріптеу және домбыра арқылы оның мәдени мұрасын сақтауға ықпал ету.
Челлендждің міндеті — оқушылардың қазақ халқының музыкалық мәдениетіне деген қызығушылығын ояту, орындаушылық дағдыларды қалыптастыру, қазақ халық аспаптарының тембрлі дыбысталуы туралы білімдерін кеңейту, домбырада музыкалаудың ұжымдық түрлерін жетілдіру.