Интернеттегі алаяқтық туралы дәріс
29.04.25 ж. «Екібастұз политехникалық колледжі» ШЖҚ КМК негізінде жастардың қаржылық сауаттылығын арттыру және экономикалық және қаржылық құқық бұзушылықтардың алдын алу, алаяқтық схемалардан қорғау мақсатында Павлодар облысының Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің капитаны, аса маңызды істер бойынша тергеуші А.Е.Шахмановтың қолдауымен колледж студенттеріне ақпараттық-түсіндіру дәрістері өткізілді.
Студенттер қаржылық сауаттылықтың маңыздылығы, алаяқтардың айла-амалдарына түсіп қалмау және жеке қауіпсіздікті қалай қамтамасыз ету мен қаржылық алаяқтықтың құрбаны болмау туралы материалдармен танысты. Келесі негізгі мәселелер талқыланды: дропперлер деген кім, сондай-ақ көлеңкелі схемаларға қатысудың салдары қандай болуы мүмкін.