Колледжіміздің оқытушысы Ерен Мұхамбет Хромтау қаласында өткен техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасындағы тау-кен-металлургия саласы бойынша республикалық кәсіби шеберлік байқауында жүлдегер атанды.
Байқау еліміздің түкпір-түкпірінен келген үздік педагогтерді жинап, олардың кәсіби дайындық деңгейін, инновациялық оқыту әдістерін және студенттерді тәжірибеге бағытталған оқыту тәсілдерін көрсетті.
Ерен Мұхамбет колледжіміздің намысын абыроймен қорғап, келесі қасиеттерін дәлелдеді:
— жоғары әдістемелік және кәсіби құзыреттілік;
— тау-кен-металлургия саласының болашақ мамандарын тиімді оқыту қабілеті;
— үнемі кәсіби дамуға ұмтылыс.
Әріптесіміздің бұл жетістігі біз үшін үлкен мақтаныш. Ерен Мұхамбетке алдағы уақытта шығармашылық табыс, шабыт және жаңа кәсіби биіктерді бағындыруды тілейміз!
