25 қазан – Республика күні!
24.10.2023 ж. «Екібастұз политехникалық колледжінде» Қазақстан Республикасының күніне арналған салтанатты жиын өткізілді.
Студенттік парламент, 1–2 курс студенттері, оқытушы Сәкенова Р.Б. мерекелік концертке белсене қатысты. Шара барысында жүргізушілердің сөзі екі тілде айтылып, өлеңдер оқылып, әндер шырқалып, би нөмірлері орындалды.
Қазақстан Республикасының күніне арналған бұл іс-шара мазмұнды да әсерлі өтті. Студенттер Қазақстан – қай тілде сөйлесек те, баршамыздың ортақ үйіміз екенін бір ауыздан атап өтті. Ең бастысы – мұны ұмытпау. Сондай-ақ балаларға еліміздегі халықтардың тілдері мен мәдениетіне құрметпен қарауды одан әрі сіңіру қажет. Осы міндетті колледждің педагогикалық ұжымы жүзеге асыруға бар күшін салып келеді.
Республика күні – тәуелсіздікке бастар алғашқы қадам болды. Ал Мемлекеттік егемендік туралы декларация Республика Конституциясының және оның заңдарының үстемдігін жариялады. Бұл құжат өз уақытында еліміздің болашақ даму бағытын айқындады. Ұлттық мереке мәртебесінің қайта берілуі – Қазақстанның тұрақты даму, бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайту қағидаттарын ұстанатынын айқын дәлелдейді.
Аталған іс-шара білім алушылардың бойында патриоттық сезімді тәрбиелеуге, мемлекетке деген құрметті қалыптастыруға, халықтың әдет-ғұрыптары мен дәстүрлеріне оң көзқарасты дамытуға, Отан тағдырына деген жауапкершілік пен ортақтастық сезімді арттыруға ықпал етеді.
