Рахмет сіздерге, анашым мен әкешім, өмір сыйлағандарыңызға, әрбір жылы сөзіңізге, қолдауларыңызға, шексіз махаббаттарыңызға алғыс айтамын. Әрбір бақытты күн үшін, әр сиқырлы сәт үшін рахмет! Бар күш-жігерлеріңіз үшін, даналықпен айтқан кеңестеріңіз үшін алғысым шексіз. Мен сіздерді қатты жақсы көремін, сіздерді шын жүректен қадірлеймін, сіздердің қастарыңызда болғанда өзімді бейқам баладай сезінемін. Анашым мен әкешім, сіздерге ұзақ ғұмыр, зор денсаулық пен молшылық тілеймін!
#Қазақстанбалалары
#біртұтас_тәрбие
#біртұтас_тәрбие_pvl
#біртұтас_тәрбие_pvl_екібастұз