2025 жылғы 2 маусым мен 13 маусым аралығында Экибастұз политехникалық колледжінің базасында №23 жалпы орта білім беру мектебінің 5-сынып оқушыларына арналған кәсіби лагерь ашылды.
Лагерьдің мақсаты – мектеп оқушыларына ерте кәсіптік бағдар беру, техникалық және жұмысшы мамандықтарына қызығушылығын арттыру, интерактивті сабақтар, шеберлік сағаттары мен экскурсиялар арқылы білім көкжиегін кеңейту.
Бағдарлама аясында қатысушылар түрлі мамандықтардың негізгі дағдыларымен танысып, кәсіпке баулуға бағытталған шығармашылық және танымдық іс-шараларға қатысады.
#кәсіптіклагерь #кәсіптікбағдар #жұмысмамандығы #болашақмамандық #колледж2025 #техникалықбілім #балаларколледжде #шеберлік