“Student’s fest”
2023 жылғы 17 желтоқсанда «ЕПК» колледжінің студенттік парламенті мен белсенді студенттері жастардың шығармашылық қабілеттерін арттыру мақсатында өткен қалалық “Student’s fest” байқауына қатысты.
Байқау бірнеше кезеңнен тұрды: креативті таныстыру, хор орындау, ұлттық аспапта ойнау, КВН, би.
Байқау қорытындысы бойынша колледж студенттері І жүлделі орынды иеленіп, ақшалай сыйақыға сертификат алды.
Жарайсыңдар, жігіттер мен қыздар, құттықтаймыз!!! 🎉
