Skip to content

“JASTAR CUP I” пікірсайыс турнирі

🏆 2024 жылдың 16 ақпан күні “Екібастұз Политехникалық колледжі” оқу мекемесінде колледж студенттері арасында “JASTAR CUP I” пікірсайыс турнирі өтті.

✅ Турнирдің мақсаты – жастар қатарынан шешендік шеберлігі бар, өзінің көзқарасын сауатты және нақты қорғай алатын жас көшбасшыларды көрсету, нақты мәселелерді шешу, жастар мен жасөспірімдердің бос уақытын тиімді ұйымдастыру.

🥇Пікірсайыс турнирінде 8 фракция қатысып, бақ сынады. Нәтижесінде:
І орын — “ДАНЫШПАН” фракциясы @eiti_ekb
ІІ орын — “ДАРЫН” және “ТАСТҮЙІН” фракциялары @ineuzhek
ІІІ орын — “БӘЙТЕРЕК” және “ЗЕРЕК” фракциялары @epk_politeh@ineuzhek

“ҮЗДІК СПИКЕР” — Анафина Райхан
“ҮЗДІК ФРАКЦИЯ” — “ЖАЛЫН” фракциясы
“ҮЗДІК ТӨРЕШІ” — Бейсен Сания атанды.

Барлық қатысушылар арнайы диплом және алғыс хатпен марапатталды. Бас жүлде иегерлеріне арнайы кубок табысталды.