«Қайырымдылық күні!»
15.03.2024ж. «Қайырымдылық күні» — қайырымдылық, мейірімділік және тату көршілікті ілгерілету күні.
Колледждің еріктілері мен оқытушылары қиын өмірлік жағдайға тап болған жалғыз басты қарттар мен көп балалы отбасыларға азық-түлік себеттерімен көмектесті, сондай-ақ АЖТП 23/9 тобының еріктілері ағаштардың бұтақтарын кесіп, қарды жинап, отын шабды.
Ел бойынша жаппай қайырымдылық іс-шарасының мақсаты қоғамда жақындарына көмек көрсету және өзара көмек көрсету сияқты құндылықтарды ілгерілете отырып, қайырымдылық мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.
