


Жастардың жан-жақты дамуына ықпал жасау мақсатында Екібастұз Политехникалық колледжінде Полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімінің басшысы И.А.Темиргалиеваның қатысуымен нашақорлық және жұқтырылған қорғаныш тапшылығының белгісінің алдын алу бойынша кездесу өтті.
Жиын барысында сала мамандары жастарға жұқтырылған қорғаныш тапшылығының инфекциясын жұқтырудың, есірткі құралдарын пайдаланудың алдын-алуға және есірткі қылмысына қарсы іс-қимылды жүргізуге, есірткінің жағымсыз салдары туралы толыққанды мағлұмат берді. Сондай-ақ, есірткіден бойды аулақ салудың маңыздылығын ескертіп, салауатты өмір сүру салтын ұстануға шақырды.
