26.04.2024ж. Екібастұз қ кикбокс Федерациясының президенті жастар мәслиханытың Аргынов Айбар Серикович криминалдық полиция бөлімінің жедел уәкілі, аға лейтенант Аджиханов Нұрсұлтан Әділханұлы колледж студенттерімен профилактикалық әңгіме өткізді. Студенттер үшін өте өзекті тақырыптар қозғалды, өйткені кез-келген адам, ең жас кезінен бастап, өз құқықтары мен міндеттерін білу қажет жағдайларға тап болады. Өз сөзінде қонақтар «Кәмелетке толмағандардың әкімшілік және қылмыстық жауапкершілігі», «Жастар ортасында суицидтің алдын алу», «Психоактивті заттарды тұтынудың алдын алу туралы», «Киберқауіпсіздік туралы» және т.б. сияқты тақырыптарды қозғады. Іс-шара соңында студенттер сұрақтар қойып, жауап алды, Арғынов Айбар мен Аджиханов Нұрсұлтан қосымша ақпарат алу үшін телефон нөмірлерін берді.
