
Жасөспірімдер арасында жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру, өмірге деген қызығушылықты арттыру, сондай-ақ тренинг нәтижесінде эмоционалдық және физикалық қанағат алу мақсатында педагог-психолог Мелентьева Г.М. ТОРЭА 21/9 тобымен «Менің өмірімнің мәні …» тақырыбында тренинг өткізді.
Тренинг барысында «Комплименттер», «Сіз кімге қамқорлық жасайсыз?» және басқа да жаттығулар жүргізілді. Аталған тапсырмалар позитивті, жасампаз қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыруға, адамдар арасындағы байланысты орнату мен дамытуға, өзара іс-әрекеттің ортақ стратегиясын қалыптастыруға, басқа адамды қабылдау және түсіну қабілетін жетілдіруге бағытталды.
Тренингті талдау нәтижесінде ұжымдағы қарым-қатынастың ынтымақтастық, өзара көмек және ізгі ниет қағидаттарына негізделгені атап өтілді. Қатысушылардың басым бөлігі бірлескен жұмыстарға белсенді әрі қызығушылықпен қатысты.
