



Колледж әкімшілігі Н.Ж.Нұрғалиева, Г.Ж.Садықова және оқытушы Н.К.Мұқашев Ұлы Отан соғысы батырларының Даңқ ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты. Қатысушылар қаза болғандарды бір минут үнсіздікпен еске алды.
Бұл маңызды мерекеге деген көзқарас адамды айқындайды, сондай-ақ сол жылдардағы оқиғалар ешқашан қайталанбауы тиіс екенін еске салады. Біз Ұлы Отан соғысының батырларын әрдайым есте сақтайтын боламыз. Бізге еркіндік бергені үшін біз оларға әрдайым ризашылығымызды білдіреміз…
