Екібастұзда тіл жанашырлары жастарға мемлекеттік тіл жайлы семинар өткізді.
Мәдениет тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі мен Қазақ тілі қоғамының ұйымдастыруымен, Жастар орталығының қолдауымен 6 маусым күні Екібастұз политехникалық колледжінде ұлттың үні, тәуелсіздіктің тірегіне айналған мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, жастар арасында қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту мақсатында арнайы студент жастар арасында «Тіл тұтастығы – ел тұтастығы» атты семинар өтті.
Семинарға Екітастұз қаласының құрметті азаматтары, Тіл саясатын одан әрі жетілдіру жөніндегі жұмыс тобының ұжымы мен студент жастар қатысты. Қатысушылар мемлекеттік тілдің өткені мен болашағы жайлы ерткін сұхбаттасып, пікір алмасты.
Қазақ тілі қоғамының төрайымы, ардагер ұстаз Сейітова Гүлбаршын Арқалыққызы «Ана тілімізді қастерлеп, құрметтеп биік тұғырда ұстау әрбір азаматтың парызы. Сондықтан мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтіп, ата-бабамыздан мирас боп қалған дана тілімізді ұлықтатып, мәртебесін асқақтату сіздерің қолдарыңызда» -деп ақыл-кеңесін айтып, ізгі тілегін білдірді.
Жастар орталығының директоры Еркін Құсан «Жастар, сіздер үшін бүгінде көп мүмкіншіліктер жасалған. Сондықтан, мүмкіндікті пайдаланып, қолыңыздағы телефонмен мемлекеттік тілде медиа жобалар жазыңыз,түсіріңіз. Келіңіздер, біз әрдайым сіздерді қолдауға, көмектесуге дайынбыз» — деді.
