Екібастұз политехникалық колледжі ШЖҚ КМК Екібастұз қаласының Төтенше жағдайлар басқармасы оқу-жаттығу жоспарына сәйкес өрт кезінде эвакуациялау бойынша оқу-жаттығу ұйымдастырды.
Оқу-жаттығу барысында педагогикалық қызметкерлер мен техникалық қызметкерлердің өрт кезіндегі әрекетке дайындығы тексерілді, сонымен қатар өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау бойынша нұсқаулықтар берілді.