27 кыркүйек күні Екібастұз тарихи-өлкетану мұражайында Темірбек Жүргеновтің туғанына 125 жыл толу қарсаңында Мұражай сабағы «Темірбек Жүргенов —тарихи тұлға, қоғам қайраткері» атты іс-шара отырысы өтті. Бұл іс-шараға Екібастұз политехникалық колледжінің Сд-21/9 тобының студенттері, өндірістік оқу шебері Хожа Б. қатысып, қайраткердің шығармашылығымен танысып, мұражайға саяхат жасалды.