ҚАЗАҚСТАННЫҢ БОЛАШАҒЫ-ЖАС ҰРПАҚТЫҢ ҚОЛЫНДА
Екібастұз политехникалық колледжінің бірінші курс студенттерінің құрметіне арналған студенттер қатарына қабылдау салтанатты кеші өткізілді.
Қабылдау кешіне колледж директоры Берік Ұзақбайұлымен «Жастар бастамаларын дамыту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Еркін Амангелдіұлы арнайы келіп студент қатарына қосылған жастарды бүгінгі қуаныштарымен құттықтап, колледждің имиджін көтеру жолында еңбек еткен студенттері арнайы алғыс хаттармен марапаттады.
Мерекелік жиын соңы колледждің студенттік парламенті әзірлеген концерттік бағдарламаға ұласып, бірінші курс студенттеріне студенттік билеттер мен білім кілті табысталды.
Концерттік бағдарламадан соң студенттерге арнайы әзірленген ойындар ойнатылып бағалы сыйлықтар табысталды.