Бүгін 2023 жылдың 28 қарашасында мобилография, инстаграм, жеке брендті дамыту тақырыптарымен медиа саласындағы қызметтерді кеңінен түсіндіру мақсатында «МІНБЕРДЕ: медиа» сараптамалық алаңы өткізілді.
“Жастар бастамаларын дамыту орталығы”-ның инспектор-мобилогрофы Ахметкалиева Азиза медиа саласына қатысты ақпаратын студенттерге ұсынды. Және де студенттерге практика жүзінде көрсетіп, үйретті.📱
✅ Кездесу барысында студенттер өздеріне қажет сұрақтарын қойып, әрі қарай медиа саласын үйренуге ниет білдірді.