Мақал-мәтелдер – талай замандар бойы қалыптасып ұрпақтан ұрпаққа ауысып келген халықтық мұра, асқан шеберлікпен жасалған сөз өрнегі. Екібастұз политехникалық колледжінің АӨ 23/9 тобының студенттері, қазақ тіл мен әдебиет пәнінің мұғалімі Сағынбекова Айзат Жақсылыққызымен бірлесе отырып, кітапханашы Искендирова Салтанат Жанатқызының дайындаған мақалдар топтамасының жинақтарымен, қазақша суреттегі мақал-мәтелдерді көрсете отырып, студенттер суреттегі үлгі-өнеге, тәлім-тәрбие, Отан, туған жер, достық т/б мақалдарды студенттеріміз жақсы білетіндерін көрсетті.