Пікірсайыс клубының жетекшілерімен кездесу!
2023 жылғы 28 қарашада «Жастар бастамаларын дамыту орталығы» КММ жанындағы пікірсайыс клубының өкілдері колледж студенттеріне «дебаттар»ойын технологиясы бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Студенттерге пікірсайыс клубының қызметін ұйымдастыру ережелері айтылды, ойынның мақсаты жалпы мәдени, зияткерлік, зерттеу, коммуникативтік, шешендік, азаматтану дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. Пікірсайыс турнирлері Американдық парламенттік формат (ACE) форматы бойынша өткізіледі.
Түсіндіру жұмысы барысында студенттер сұрақтар қойып, жауаптар алып, пікірсайыс клубының қатарына қосылуға ниет білдірді.