Студенттерге арналған мастер-класс!
2023 жылғы 28 қарашада Павлодар облысы бойынша Өңірлік волонтерлер фронт офисінің басшысы Кунтуган Еркебулан, сондай-ақ Қызыл Жарты Ай қоғамының волонтерлері колледж студенттеріне арналған волонтерлік қозғалысты қолдау және дамыту жөніндегі шаралар кешенін іске асыру шеңберінде ТЖ бағыты шеңберінде алғашқы көмек көрсету дағдыларына оқыту бойынша тренинг өткізді.
Алғашқы көмек көрсету дағдыларын үйрету-бүкіл әлем бойынша Қызыл Жарты ай қозғалысының дәстүрлі қызметі.
Нұсқаушылардың жетекшілігімен іс жүзінде студенттер заманауи манекендерді қолдана отырып, әртүрлі жағдайларда, сондай-ақ бір-бірінде (жүрек және/немесе тыныс алу тоқтаған жағдайда ағзаның тіршілігін қалпына келтіруге бағытталған шұғыл шаралар кешені) іс-қимыл алгоритмдерін пысықтады.