12.02.2025 ж.
Тақырыбы: «Еңбегі еленген жан-Қазақстанның Еңбек Ері Амренов Рышат Бабайұлы»
2025 жыл «Жұмысшы мамандықтар жылы» болып жарияланды. Екібастұз политехникалық колледжінің кітапханасында, оқытушы Ерғалиев Байназар Қайыргелдіұлымен,кітапхана меңгерушісі Искендирова Салтанат Жанатқызымен бірлесе отырып,студенттермен «Еңбегі еленген жан-Қазақстанның Еңбек Ері Амренов Рышат Бабайұлы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстел барысында өмірбаяны, жетістіктері мен мараппаттары туралы, жұмысшы мамандықтардың қоғамдағы маңыздылығы, жастар үшін артықшылықтары туралы айтылды
Мақсаты: Екібастұз қаласының тұрғыны, жерлесіміз Қазақстанның Еңбек Ері атанған кенші Рышат Бабайұлы Амреновтың еңбек жолын өскелең ұрпақтар біліп, танып жүру; осы салаға деген қызығушылықтарын арттыру, жастарды адал еңбек етуге тәрбиелеу; қазақстандық өнеркәсіп кәсіпорындарының қызметкерлерінің беделін арттыру.