Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша дәріс Екібастұз политехникалық колледжінде ЖПБ полиция капитаны Койшин Дидар Бауыржанұлы кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша 1 курс арасында дәріс өткізді.
Әңгіме барысында балаларға «құқық бұзушылық» және «қылмыс» ұғымдары, олардың түрлері түсіндірілді. Кәмелетке толмағандарды профилактикалық есепке қою үшін негіздер, кәмелетке толмағандардың құқыққа қайшы әрекеттері үшін жауаптылығы басталатын жас қарастырылды. Полиция капитаны Дидар Бауыржанұлы жасөспірімдерге телефон арқылы алаяқтық фактілерін еске салып, темекі өнімдері мен темекі қоспаларын, алкогольдік ішімдіктер мен есірткі құралдарын тұтынудың зияны туралы айтып берді.