Мемлекет басшысының Жарлығымен 2025 жыл Жұмысшы мамандықтар жылы болып жарияланды. Жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру мақсатында 2025 жылғы 18 ақпанда ТРГ 22/9 тобында «Электр слесарларының чемпионаты -2025» байқауы өтті.
Қазақстанның алғашқы ЕңбекЕрі, Екібастұздағы кеншілер әулетінің негізін қалаушы, Құрметті азамат — Амренов Рышат Бабайұлы шақырылды.
Білім алушылар арнайы пәндер бойынша өз білімдерін көрсетті. Стендтерде жүктеме кезінде бір фазалы, үш фазалы электр есептегішінің схемалары жиналды.
Конкурс қорытындысы бойынша:
1 орын Дәулетбай Нұрғали
2 орын Билялов Тимур
3 орын Сағындық Жомарт