Құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша дәріс
06.03.2025 ж. Екібастұз станциясының желілік полиция бөлімінің бастығы, полиция капитаны Д. Б. Койшин және жедел әрекет ету мобильді тобының орынбасары А. Н. Ильялов «Екібастұз политехникалық колледжінің» студенттері үшін «Темір жол –қауіптілігі жоғары аймақ. Балалар жарақаты» тақырыбында дәріс өткізді. Студенттерге теміржолдағы қауіпсіздік ережелерінің талаптары, маневрлік қозғалыстар теміржол жолдарында болғанда белгілі бір қауіп тудыратыны туралы түсіндірді. Сондай-ақ, қауіптілігі жоғары аймақта жүргеніне олардың жауапты болатыны түсіндірілді.