«Ана- тіршіліктің тірегі»
Халықаралық әйелдер күні-ең әдемі ресми мерекелердің бірі. Бұл көктемнің алғашқы мерекесі, әйелдерге деген сүйіспеншілік пен таңдану мерекесі. Әйелдер – жер бетіндегі ең әдемі жаратылыстар, олар ең жоғары мақтауларға лайық. Біздің колледждің қыздары мен әйелдері де қалыс қалмады.
Мереке қарсаңында, 7 наурыз күні колледждің акт залында студенттер кеңесі мен ерлер ұжымы әйелдер қауымын Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады.
Барлық қатысушыларға арнап құттықтау сөз сөйлеген колледж басшысы Қ. Қ. Қоянбаев жиналғандардың барлығына көктемгі және мерекелік көңіл-күй, махаббат, нәзіктік пен жылулық тіледі.
Мереке ұйымшылдықпен өте қызықты өтті, әндер мен билер шырқалды, іс-шараның ең қызық көрінісі «Қызыл гүлім-ай»әнін орындаған әншінің бейнесіндегі жұмбақ қонақ болды.